30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

ШЕЛЛ

brozepartner shell k

«Шелл плс.» (бұдан әрі – «Шелл») – мұнай мен табиғи газды барлауға және өндіруге, өңдеуге және өткізуге, сондай-ақ мұнай-химия өнімдерін өндіруге және сатуға маманданған халықаралық энергетикалық концерн. Бас кеңсесі Лондон қаласында (Ұлыбритания) орналасқан. «Шелл» әлемнің 70-тен астам елінде қызмет жүргізеді және дүние жүзі бойынша 96 000-нан астам қызметкерді біріктіреді.

Компания орнықты энергетикалық көшуді қамтамасыз ету үшін озық технологияларды пайдаланып, инновациялық тәсілдерді қолданады. «Шелл» сондай-ақ электр энергиясын, оның ішінде жел және күн энергиясы сияқты төмен көміртекті көздерден өндіруге, сондай-ақ биоотын мен сутек тәрізді көлікке арналған отынның жаңа түрлеріне инвестиция салады.

1990 жылдардың басында компания Қазақстанда өз қызметін бастаған алғашқы шетелдік инвесторлардың бірі болды. Ол елдің көмірсутек ресурстарын бағалауға қатысып, мұнай-газ секторын дамытуда жетекші рөл атқарды.

Бүгінгі таңда 18 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салған «Шелл» концерні Қазақстан Республикасындағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. 2023 жылғы қазанда компания Қазақстан Республикасындағы қызметінің 30 жылдығын атап өтті.

«Шелл» концерні Қазақстандағы мынадай жобаларға қатысады:

· Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (қатысу үлесі – 16,81%);
· Қарашығанақ кен орны бойынша өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім (қатысу үлесі – 29,25%);
· Каспий құбыр консорциумы (қатысу үлесі – 7,4%).

«Шелл» компаниясының Қазақстандағы ерікті әлеуметтік инвестициялар стратегиясы білім беруге, дағдыларды дамытуға және кәсіпкерлікті өркендетуге бағытталған, сол арқылы адамдардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, ұзақ мерзімді экономикалық орнықтылыққа ықпал етеді. Қазақстанның сенімді серіктесі ретінде «Шелл» әрдайым орнықты ілгерілеуге қол жеткізуге және жергілікті қоғамдастықтармен байланыстарды нығайтуға бейілді.

  • -де жасалған