30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

КАРАЧАГАНАК ПЕТРОЛИУМ ОПЕРЕЙТИНГ Б.В. (КПО)

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) – «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (10%) компаниялары басқаратын ортақ кәсіпорын.

4

КПО әлемдегі ең ірі газ конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игерумен және кеңейтумен айналысады. Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан кен орнының ауданы 280 шаршы километрден асады. Кен орнындағы көмірсутектердің есептік теңгерімдік қоры сұйық көмірсутектердің 13,6 миллиард баррелін және газдың 59,4 триллион текше футын құрайды. Қазіргі уақытқа дейін сұйық көмірсутектердің (конденсат пен мұнай) 17,1% және газдың 15,8% өндірілді.

1997 жылы ӨБТК-ге қол қойылғаннан бері, КПО серіктестері кенішті игеруге шамамен 34,781 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салып, тұрақты экономикалық құндылықты барынша арттыру мақсатында өнеркәсіптегі озық технологияларды қолданып келеді. Бұл технологиялар қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының және халықаралық деңгейдегі ең жоғары стандарттарға толық сәйкес келеді.

1

КПО Қазақстан Республикасының “жасыл экономикаға” көшу жөніндегі бастамасын толық қолдайды. 2026 ж. 1-жартыжылдығы бойынша Қарашығанақ кен орнындағы газды кәдеге жарату көрсеткіші 99,95%-ды құрады, бұл – әлемдік деңгейдегі көрсеткіш. Жалпы алғанда, КПО-ның қоршаған ортаны қорғау бағытындағы инвестициялары 468,58 миллион АҚШ долларынан асып түсті.

2

КПО – жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасын енгізіп, оны сәтті жүзеге асырып келе жатқан Қазақстандағы алғашқы компаниялардың бірі. Қазіргі таңда КПО жеткізушілер дерекқорында 7 189-дан астам қазақстандық жеткізуші тіркелген. 2026 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтудың үлесі ақшалай түрде 301,11 миллион АҚШ долларынан астам қаражатты құрады.

3

Батыс Қазақстан облысының (БҚО) ең ірі жұмыс берушісі ретінде КПО өңір тұрғындарын ұзақ мерзімді жұмыспен қамту және бәсекеге қабілетті еңбекақы ұсыну жөніндегі барлық міндеттемелерін орындап келеді. Қазіргі таңда КПО-да шамамен 4 000 адам еңбек етеді.

KПO БҚО-да әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың кең ауқымын іске асыруды жалғастыруда. 1998 жылдан бастап 2026 жылғы маусым айының соңына дейін КПО БҚО-дағы әлеуметтік инфрақұрылым жобаларына 942,54 миллион АҚШ долларын жұмсады.

Өндірістік міндеттемелерін орындаумен қатар КПО жауапты корпоративтік кәсіпорын ретінде тұрақты дамуды қамтамасыз етуге және Қарашығанақ кен орнынан Қазақстан мен жергілікті тұрғындар үшін барынша мол әлеуметтік және экономикалық табыстарды көбейтуге бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.

Байланыс ақпараты:

Бас директор: Марко Марсили

Мекенжайы: 090300, Қазақстан Республикасы
Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы
Промышленная Зона көшесі, 81Н құрылысы

Веб-сайт: www.kpo.kz

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

  • -де жасалған